Жаңалықтар

Оттегі концентраттары жеткізілді

Облыстың емдеу мекемелеріне 8 оттегі концентраты табысталды.

«Dauletten»және«Aidynnury»қайырымдылық қорларына ақтөбелік тұрғындар да қаржы аударған. Пневмонияға шалдыққан науқастарға жанашырлық танытқан жандардың қаражатына сатып алынған 8 оттегі концентраты Ақтөбеге жеткізілді.

Аталған қайырымдылық қорлары арқылы елімізге Түркиядан 125 оттегі концентраты әкелінген. Енді тағы Қытайдан 800 аппарат алуға тапсырыс берілген.
«Dauletten» қорының басшылығы сатып алынған концентраттарды ел аймақтарына жеткізу үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, нәтижесінде «Scat Airlines» және «Pony Express» компаниялары арқылы аппараттарды тегін жеткізу ұйымдастырылды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері оттегі концентраттарын «Dauletten» қорының жергілікті еріктілеріне тапсырды.Қабылдау актісінен кейін барлық аппарат Ақтөбе қаласындағы медициналық жедел жәрдем, сондай-ақ Хромтау, Мұғалжар, Әйтеке би, Темір, Алға аудандарындағы орталық ауруханаларға жеткізілді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button